Өскеменде зауытта жарылыс болып 4 адам зардап шекті

Өскеменде зауытта жарылыс болып, қала тұрғындарын алаңдатты. Құтқарушылар зардап шеккендердің бар-жоғын анықтауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өскеменде қою түтін шығып, тұрғындарды алаңдатты. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
Кадрлардан аспанға қалың түтін көтерілгені көрінеді. Кейбір адамдар жарылыс болды деп болжаған. ТЖМ мәліметінше, жарылыс шаң ұстау құрылғысынан болуы мүмкін. Соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлаған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар ашық от жанып жатқанын анықтады. Қазір ТЖМ қызметкерлері сол жерде жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендерді іздестіруде. Жедел штаб құрылды, зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтыланып жатыр.
Кейін ведомство Казцинк ЖШС аумағындағы өрт оқшауланғанын мәлімдеді.
“Құтқарушылар толық сөндіруге дейін конструкцияларды бөлшектеу және өрт ошақтарын су құю жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілуде. Оқиға орнында 40 адам жеке құрам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы анықталуда”, – делінген хабарламада.
Оқыңыз