Ақтөбеде автогаз құю бекетінде көлік өртенді: Жалыннан балалармен қосқанда үш адамның денесі табылды

Ақтөбеде автогаз құю станциясында көлік өртеніп, үш адам қаза тапты. Олардың екеуі кәмелетке толмаған балалар. Өрт сөндірушілер жалынның станция аумағына таралуына жол бермей, бірнеше минут ішінде тілсіз жауды тоқтатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 19 маусымда шамамен сағат 22:55-те Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының аумағында болған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары шақыру деңгейі бойынша барған.
Өрт хабарлама түскеннен кейін 8 минут өткен соң, сағат 23:03-те толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермеді.
“Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Бір зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.
Оқиғаны жою жұмыстарына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарын қоса алғанда, ТЖД-ның 50 ге жуық қызметкері және 10-нан астам техника бірлігі жұмылдырылды.
Өрттің шығу себептері анықталуда. Аталған факті бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.
Оқыңыз