Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok эфирінде балағат сөз айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткен қазақстандық қамауға алынды

 

балағат сөз айтқан ер адам
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбеде TikTok желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе облысының полиция тдепартаментінің мәліметінше, ер адам тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткен.

"TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен Ақтөбе қаласының 42 жастағы тұрғыны анықталды. Сот шешімімен ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Әлеуметік желілердің қоғамдық кеңістік екенін, тікелей эфир заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеміз", – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Полицейлер интернетте балағат сөздер айту, қорлық мінез-құлық таныту және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер қоғамдық орындардағы сияқты жауапкершілікке әкелетінін айтты. 

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық әйел қызы TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылған еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026 13:35