Ақтөбедегі жанармай құю бекетіндегі жарылыстан аман қалған ер адам жансақтау бөлімінде жатыр
Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде болған өрт кезінде зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың денесінің 45%-ы күйік шалған. Жағдайының ауырлығына қарамастан, науқас есін біледі. Оның негізгі өмірлік көрсеткіштері тұрақты.
"Науқасқа қажет ем толық көлемде көрсетілуде және ол медициналық мамандардың тұрақты бақылауында", – деді дәрігерлер.
Еске салайық, 19 маусым күні Ақтөбеде автогаз құю станциясында көлік өртеніп, үш адам қаза тапқан еді.
Өрт хабарлама түскеннен кейін 8 минут өткен соң, сағат 23:03-те толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермеді.
Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Бір зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды
