Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда шетел азаматы 114 апиын капсуласын жұтып, шекарадан өтпек болған

Есіртікі 114 капсула
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл сәуір айынан бастап есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасы жойылды, 1 фитозертхананың қызметі залалсыздандырылған.

Ақтау қаласының әуежайында жалпы салмағы 1 келі 114 апиын капсуласын денесінде өткізуге әрекеттенген шетелдік азамат ұсталды. Ал елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын жеткізген қазақстандық қолға түсті.

Есіртікі 114 капсула
Фото: ҰҚК

“Бұдан бөлек, ірі көлемдегі "көкнәр сабағын" контрабандалық жолмен алып өтіп, таратуға, шикізаттан есірткі жасауға қатысы бар деп күдікке ілінген қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды”, – деп жазды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Барлығы:

  • 3,4 келі апиын;
  • 9 келі гашиш;
  • 11,4 келі синтетикалық есірткі;
  • 18,5 келі гашиш майы;
  • 26,4 келі марихуана;
  • 110 г кокаин;
  • 20 тонна көкнәр сабаны;
  • 150 литрден астам прекурсор тәркіленді.
Есіртікі 114 капсула
Фото: ҰҚК

“Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 23 азаматы және 3 шетелдік ұсталды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай, өзге ақпарат жарияланбайды”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 25 Мамыр, 2026 12:22