АҚШ Ресейге қарсы санкциялар туралы жаңа заң жобасын мақұлдады
АҚШ Сенаты Ресейге қарсы санкцияларды күшейтетін заң жобасын мақұлдады. Құжат қабылданса, Ресей мұнайы, ураны мен газын сатып алатын елдерге АҚШ 100 пайыздық баж салығын енгізе алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заң жобасы АҚШ президентіне Ресей мұнайын, уранын немесе газын сатып алатын елдерге 100 пайыздық баж салығын енгізуге мүмкіндік береді. Яғни Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын мемлекеттер АҚШ-қа тауар экспорттаса, оған жоғары салық салынуы мүмкін.
Сондай-ақ Ресейдің қорғаныс, энергетика және қаржы ұйымдарына, "көлеңкелі флотына", шенеуніктері мен олигархтарына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне санкция енгізу ұсынылған.

Енді заң жобасын Өкілдер палатасы қарайды. Егер палата да қолдаса, құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп қол қоюы керек. Өкілдер палатасының заң жобасын қашан қарайтыны әзірге белгісіз. Құжаттың бастамашысы – сенатор Линдси Грэм.