Анасы 5 метр жерден аюдың торына лақтырып жіберген қыздың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді
Ташкентте анасы қызын хайуанаттар бағындағы 5 метрлік жерден аюдың торына лақтырып жіберген. Сәбидің жағдайын тез арада дәрігерлер бақылауға алған. Алайда бала ауруханаға шок алған күйінде түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

5 метр жерден құлау салдарынан зардап шеккен науқасқа ашық бассүйек-ми жарақаты және мидың шайқалуы диагнозы қойылған. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық.
Аю қызға тиіспеген, тек құлағандықтан жарақат алған.
Ташкент хайуанаттар бағы емге қажетті барлық шығынды өз мойындарына алған. Ал өз қызын аяусыз, қатыгездікпен азаптаған анасына қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген