Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аюлар туралы қызықты мәліметтер

Жыртқыштардың ең үлкен өкілі – аюлар туралы қызықты мәліметтерді оқи отырыңыз. Полярлық аюдың максималды салмағы 725 кг-ға жетеді, бойының максималды ұзындығы – 3,5 метр.

аю

Аюлар шамамен 30 жыл өмір сүреді. Қазіргі уақытта әлемде аюлардың 7 түрі қалды: полярлық аю, қоңыр аю, қара аю, көзілдірікті аю, салпы ерін аю, малай аюы, гималай аюы.

Қоңыр, қара және гималай аюларының ерекшелігі – қыс бойы апанда қалың ұйқыға кетуі. Аюлар осындай қалыпта 6 айдан астам уақыт тамақсыз, сусыз және тіпті дәретке бармай-ақ өмір сүре алады. Түрлі ауданда қысқы ұйқы 75-тен 195 күнге дейін созылады. Ұйықтау кезінде аю дене салмағының жартысына дейін жоғалтады.

Дегенмен барлық аю бірдей қыста ұйықтамайды. Мысалы, поляр аюы олай етпейді, тек жүкті аюлар ұйықтайды. Сондай-ақ тропикалық жерлердің тұрғындары ұйықтамайды (мысалы, көзілдірікті аюлар).

Ұйықтайтын аюларда жүктіліктің жасырын кезеңі болады (яғни ұрықтандырылған жұмыртқа белгілі бір сәтті күтіп, біраз уақыт дамымайды). Аюдың жүктілік дамуы ол ұйықтағаннан кейін басталады. Аюдың қонжығы қысқы ұйқы кезінде туады. Қонжық соқыр, саңырау және түксіз боп туады. Олар бірнеше ай бойы анасымен бірге апанда болады және сыртқа өсіп қалған кезінде шығады.

Салпы ерін аю – таңғажайып жануар. Олардың құмырсқа жегіштің құйрығына ұқсайтын ерекше құралы болады. Ол вакуумдық сорғы принципі бойынша жұмыс істейді және термиттер мен құмырсқаларды ұстау үшін қызмет етеді. Қазір салпы ерін аюлар 10 мыңнан аспайды, олар Үндістан мен Шри-Ланка ормандарын мекендейді.



Аюлардың дене бітімі ауыр, ыңғайсыз, үлкен массаны сақтау үшін жүргенде жерді бүкіл табанымен басады, бұл аюлардың еркін көтеріліп, артқы аяқтарымен тұруына мүмкіндік береді. Аюлардың табандары тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ұзындығы 10 см-ге дейін жететін қисық біткен тырнақтары оларға ағаштарға өрмелеуге және жер қазуға көмектеседі.

Салмағы мен айтарлықтай үлкен дене бітіміне қарамастан, аюлар тез жүгіреді және сағатына 50 шақырымға дейін жетеді.

Иіс сезу өткірлігі бойынша ақ аю барлық сүтқоректілерден асып түседі: ол олжасын 30 шақырым қашықтықта, тіпті бір метр мұз бен қардың астында да сезе алады.

Аюлардың көпшілігі ет те, шөп те жей береді. Жыртқыш болғанына қарамастан, олар өсімдікпен қоректене алады. Ақ аю ғана тек етпен қоректенеді. Оның асқазанында ол бір уақытта 60 кг-ға дейін ет сыяды.

Барлық аюдың екі қабат түгі болады – біреуі судан қорғаса, екіншісі жылуды сақтауға көмектеседі.

Талқылау