Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түлкілер туралы қызықты мәліметтер

Ертеден-ақ адамдар түлкінің қулығына қарап, оны өз ертегілерінде айлакерліктің символы ретінде суреттеген. Басты кейіпкері түлкі болатын ертегілер немесе аңыз-әңгімелердің көптігі  – мұның айқын дәлелі. Ендеше түлкі жайлы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз. 

түлкі

Түлкілер туралы қызықты деректер

1. Қыста түлкілер жападан жалғыз жортады, тек жазда ғана жұптасып өмір сүре бастайды.

2. Түлкінің ұясында ұрғашысы да, еркегі де күшіктеріне бірдей қамқорлық жасайды. Ұрғашысы күшіктегенге дейін аталығы қамқорлық жасап, апанды жылылауға көмектеседі.

3. Түлкілер бәрін жей береді. Көбінесе түлкілер кішкентай жануарлармен қоректенеді: ұсақ кеміргіштер, қояндар мен еліктерді жейді.

4. Түлкі үшін құйрық өте маңызды мүше. Жүгірген кезінде құйрығы оған тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі, ал қыста суықтан қосымша қорғаныш ретінде қызмет етеді.

5. Түлкілер өте сақ. Егер қауіп төнсе немесе қуғынға түссе, олар іздерін шатастырып, қудалаушыны адастыру үшін басқа жерлерге жасырынады. Дәл осы қасиетіне қарап түлкіні "ең айлакер аң" деп атайды.

6. Түлкі жүгіре алатын ең жоғарғы жылдамдық – 50 км/сағ.

7. Түлкілер көбіне үлкен қалаларға немесе қала маңына жақын мекендейді. Олар өте жақсы бейімделіп, қала маңында тұрады.

8. Жабайы табиғатта түлкілер шамамен 6-8 жыл, ал зообақтарда 20-25 жыл өмір сүре алады.

9. Түлкілерде есту және иіс сезу сезімдері өте жақсы дамыған. Олардың көмегімен аң қоршаған орта туралы біледі.

10. Адамдар түлкіні қолға үйретіп көрмек болған. Тәжірибе нәтижесінде күміс-қара түсті түлкі қолға үйреніп, оның жабайы туыстарынан мінез-құлқында, дене құрылымында және физиологиясында айтарлықтай айырмашылықтар пайда болды.


Талқылау