Алматыда ер адам енесін зорлады деген күдікпен ұсталды
Алматыда енесін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция 65 жастағы әйелге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық болуы мүмкін деген істі тергеп жатыр.
17 тамызда күйеу баласы шай ішемін деген сылтаумен енесінің үйіне барған. Отбасы ер адам оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады.

Отбасы сол күні полицияға хабарласқан. Бұған дейін жәбірленушінің сараптама қорытындысындағы қателіктерге байланысты бірнеше күн бойы сот-медициналық сараптама тағайындалмаған.
Күдіктінің үш баласы бар екен, оның біреуі – ерекше бала.
Алматы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция оның әрекеттері тергеуден кейін заңды түрде бағаланатынын қосты.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген