Алматыда ағаштар заңсыз кесілген: Олардың орнына 50 есе көп ағаш отырғызылады
Алматы қаласының Медеу ауданында каштан ағаштары заңсыз кесілгені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға туралы қала тұрғыны мәлімдеді. Оның айтуынша, рұқсатсыз кесу Жамақаев көшесінде болған.

Жарияланымнан кейін экология департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барып, каштан ағаштарының кесілгенін растады.
"Департамент бұл мекенжайда ағаштарды кесуге рұқсат бермеді. Департамент ағаштарды күтіп ұстау және қорғау ережелеріне сәйкес ағаштарды 50 есе бағамен қалпына келтіруге кепілдік хат алды", – делінген хабарламада.
Жаңа ағаштар мемлекеттік жерлерге отырғызылады. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімі заңсыз каштан кесілген жерді тексереді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Баян-Өлгей аймағында не болып жатыр
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
Қазақстанда клининг мамандығы колледждерде ашылмақ: Болашақ мамандар қайда оқиды
Оқу ағарту министрлігі клининг мамандықтарын оқыту жоспарда бар екенін хабарлады