Алматыда Wildberries қоймасынан өрт шықты
Алматыда "Атакент" павильонында орналасқан Wildberries қоймасы өртене жаздады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дер кезінде жетіпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖД
1 мамыр 22:12-де Алматыдағы Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 42 үй, 7А мекенжайында орналасқан “Атакент” павильонында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметі павильонның екінші қабатында ауданы 60 шаршы метр шарпыған өрт ошағын жедел анықтады.
Аумағы 14 мың шаршы метр қойманың іші толған тауар. АД-120 түтін шығаратын өрт сөндіру көлігі іске қосылды. Қабылданған шаралардың арқасында жалын 35 минутта оқшауланып, 22:57-де жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жедел шақыртуға жеке құрамынан 57 л/с, 18 ТЖД техникасы, қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"