Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы екі баланың өлімі: Отбасының танысы пәтерді өртеді деген күдікпен ұсталды

Атырау облысында пәтердегі екі баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Атырау облыстық ПД

Атырау облысының Индер ауданында 25 сәуірде өрт шығып, пәтерден 10 және 7 жастағы екі баланың мәйіті табылды. Пәтерді өртеген адам анықталды.

"Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында қалған жанар-жағармай құйылған контейнерді анықтады. 31 жастағы ер адам жақын маңдағы жанармай құю бекетінен жанармай сатып алыпты. Бұл бейнекамералардың көмегімен анықталды. Күдікті олардың танысы екен. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Орал қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Атырау облыстық ІІД.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің үстінен кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғалған.

"Екі немесе одан да көп адамға қатысты адамдардың өміріне қауіпті, төтенше жағдайда, кәмелетке толмаған адамға қатысты адам өлтіру бойынша іс қозғалды. Бұл әрекет үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында өрт салдарынан екі бала қаза тауып, анасы жансақтау бөліміне жатқызылғаны айтылды. Олардың үйін біреу өртеп жіберген.

Талқылау