Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте автобуста жыныстық сипаттағы әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды (видео)

Күдіктіні ұстау сәті
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте қоғамдық көлікте жыныстық сипаттағы әдепсіз әрекет жасаған 38 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, қоғамдық көлікте болған оқиғадан кейін құқық қорғау органдары тексеру жүргізген. Нәтижесінде құқық бұзған азаматтың Шымкент қаласының 38 жастағы тұрғыны Мурабзилов Закирджан екені анықталды.

Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция өкілдері қоғамдық орындарда, әсіресе кәмелетке толмаған балалар да жиі пайдаланатын қоғамдық көліктерде мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті.

Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзу, өзге азаматтардың ар-намысы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру заң аясында жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.

Еске  салсақ, бұған дейін TikTok эфирінде балағат сөз айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткен қазақстандық 5 тәулікке қамалғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 12 Қараша, 2026 22:20