Атырау облысында өрт салдарынан екі бала қаза тауып, анасы жансақтау бөліміне жатқызылды
2024 жылдың 25 сәуіріне қараған түні бірыңғай жедел телефон нөміріне (112) Атырау облысы, Индербор кентіндегі бес қабатты үйдің терезесінен түтін шыққаны туралы ақпарат түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Atyrau_tjd
Өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің өртенгенін анықтады.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жатын бөлмесінен он және жеті жасар балалардың мәйітін тапты.
Олардың анасы мен 1994 жылы туған азамат ес-түссіз күйде болған. Зардап шеккендер орталық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Өрт сөндіріліп болған соң оқиғаның себептерін анықтау үшін Атыраудан өрт-техникалық зертхана келді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, орман қорына жалын таралғаны туралы жазған едік.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті