Алматы облысында қамыс төрт күннен бері өртеніп жатыр
Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, орман қорына жалын таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
19 сәуірде Балқаш ауданында қамыс өртеніп, 31 гектар орман қорына таралған.
Аталған факт бойынша ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы "Ормандарды жою немесе бүлдіру" бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су ағызу жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн.
Қазір өрт оқшауланды.
Қазақстанның өңірлері биыл қанша қарыз алды: Миллиардтар қайда жұмсалды?
2026 жылы жергілікті атқарушы орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі – 278 миллиард теңге
"Пасханы да, Ораза айтты да тойлаймыз": Екі түрлі дінді ұстанатын отбасы діни сыйластық туралы айтты
Бүгінде екі жасар қызын екі мәдениетпен де таныстырып тәрбиелеп отыр