Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш адамға пышақпен шабуыл жасалған: Бір әйел қайтыс болды

Алматының Түрксіб ауданындағы үйлердің бірінде ер адам пышақпен шабуылдап, бір әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам сантехник ретінде сайтқа өтініш қалдырған.  Ол жұмысқа барып, сол үйдің  иесі мен анасына және көршісіне пышақпен шабуылдаған. 

"Ер адамның жалақы мәселесі бойынша жұмыс берушілермен жанжалдасқаны анықталды. Жанжал барысында ол екі әйел мен олардың көршісіне пышақ сұғып алды. 1988 жылы туған азаматша алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Оның анасы 1957 жылы, ал 1985 жылы көршісі ауыр күйде ауруханаға жеткізілген", - деді Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция бөлімінің басшысы Таңат Назанов.


Қылмысқа күдікті 1977 жылы туған ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

"Оны учаскелік инспектор аумаққа тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ұстады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп қосты Таңат Назанов.

Полиция департаменті күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалады. 

Талқылау