Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтыншы ұлы қасында болған": Әйел 5 баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Неміс полициясы Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінде орналасқан Золинген қаласындағы пәтерден денесі табылған бес баланың өлімін тергеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.

қыз өлімі

Қылмысты олардың анасы жасады деген күдік бар. Полицияға сәбилердің әжесі қоңырау шалған, содан кейін тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға келген. 

"27 жастағы анасы Дюссельдорфтағы пойыздың астына түсуге тырысып, жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр және біз, әрине, оқиғаға байланысты одан жауап аламыз", - деді полицияның ресми өкілі Штефан Вайд.

"Әйелмен бірге оның алтыншы баласы, 11 жасар ұлы болды. Бақытымызға орай, оның жағдайы жақсы", - деді Солтүстік Рейн-Вестфалияның ішкі істер министрі Херберт Ройл.

Оқиғаның мән-жайы туралы ештеңе белгісіз, қосымша мәліметтер әлі хабарланған жоқ. Күдікті полиция күзетінде. 

 Балалардың өлімінің нақты себебі де әлі анықталған жоқ. Бұл қылмысты ашу үшін 40-қа жуық полиция қызметкері жұмыс істейді.

Талқылау