Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалармен жасырынбақ ойнады: ШҚО-да 7 жасар баланы өлтірді деген күдікті туралы ауылдастары айтып берді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында жеті жасар Эдуард Жилиев жерленді. Оның мәйіті ауыл маңындағы таудан табылған, денесінде пышақ жарақаттары болған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

қыз өлімі

Қайғылы оқиға болған Зубовск ауылының тұрғындары қазір уақытша ұстау изоляторында отырған күдікті - 20 жастағы жігіт туралы айтып берді. Олардың айтуынша, оның психикалық денсаулығына байланысты проблемалар болған, сондықтан ол үйде оқыған.

"Оны бақылау қиын болды, сондықтан мұғалімдер үйге барды. Одан агрессия байқалмады, ешкіммен төбелеспеді, балаларды ренжітпеді", — деп түсіндірді Зубовск орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Юдина. 

Жергілікті тұрғындар күдіктінің ешкімге көмек беруден бас тартпағанын және балалармен жақсы тіл табысқанын да алға тартты.

"Көшеде балалармен бірде жасырынбақ ойнап, бірде бірге жүгіріп жүретін", - деді қара жамылған отбасының көршісі.

Күдікті Жилиевтер отбасының көршісі болған, ал кішкентай Эдик оны жақсы білетін.

Еске салайық, марқұмды үш күн бұрын, 29 тамызда, жергілікті 20 жастағы жігітпен белгісіз бағытқа кетіп бара жатқан жерінен көргендер бар. 30 тамызда бала өлі күйінде табылды. Полиция өлімнің іздерін бірден анықтады. Баланың денесінде зорлықпен өлім белгілері байқалды. Күдікті жас жігіт ұсталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады.

Талқылау