Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов желіде шу болған видеоға қатысты жауап берді

Бірер күн бұрын желіде Әли Оқаповқа ұқсайтын жігіттің белгісіз арумен сүйісіп тұрған видеосы пайда болған еді. Көпшілік мәселенің байыбына бармастан, Роза Рымбаеваның ұлын айыптай жөнелген-ді. Тіпті, бірқатар БАҚ құралдары аталған жайтты күннің басты жаңалығы етіп берді.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Мені түнгі клубта бір қызбен “сүйісіп тұрғандай” көрсеткен видеоға қатысты түсініктеме беретін уақыт жеткен сияқты. Меніңше мына суреттен ондағы жігіттің мен емес екенін анық көруге болады. Сондықтан да бұл олқылықтың орны толды деп есептейік. Бейбітшілік болсын”, – деп жазды Әли.

Ал көзі қырағы көрермен суреттегі жігітті бірден таныды. Оқырмандардың айтуынша, ол атышулы “Қалаулым” бағдарламасының экс-қатысушысы, жас әнші – Ислам Алтайбаев.

Жіберіп алмаңыз: 

Ділназ Ахмадиева “бақытты болмайсың” деп қарғағандарға жауап берді (фото)

Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада жұмыс істеуден бас тартты

Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды

Әлемдік турне: Майғазиев Америкада концерт беріп, Меккеге қажылыққа аттанбақ

Талқылау