AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада жұмыс істеуден бас тартты

Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада, ендігәрі серіктес болмайтынын айтып, серт берді. Бүгінде актер Алматыда тұрып жатса, актриса Назгүл Қарабалина бас қаланы мекен етіп жүр. Жұлдызды жұптың жанұясында орын алған тосын өзгерістің себебі не?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Кезінде мысалы Высоцкий мен Марина Владидің махаббаты қандай болды? Екеуі екі мемлекетте тұрды. Біреуі Францияда, біреуі Мәскеуде тұрып, сол қиын кезеңде екеуінің махаббаты қалай жалғасты. Суыған жоқ. Өмір-бақи бір-бірін сүйіп өтті. Міне, символ деген осы. Мен ойлаймын ол кезде оларда сенім болды», – дейді Азамат Сатыбалды.

Иә, «сенім бар жерде сезім мен сыйластыққа сызат түспейді» – дейді Сатыбалды. Қазіргі таңда Қарабалина қос астанамызда кәсібін қатар дөңгелетіп жүр екен. Актрисаның Алматыда шұғыл шаруасы шықса шауып келетіні бар.

Мәселен, Алатау баурайындағы кешегі күн, жұлдызды жұп үшін ностальгияға толы болды. Өйткені, Азамат пен Назгүлді театр сахнасында серіктес қылған «Махаббат дастаны» спектаклінің 100-ші қойылымы өтті, әрі ерлі-зайыптылар Қозы мен Баянды соңғы рет сомдады.

«Спекткальді қойып бастаған кезде Назгүл екеуіміз қыз бен жігіт ретінде жүріп бастағанбыз. Биыл Назгүл екеуіміздің отбасы болғанымызға міне 15 жыл болды. Ал, «Махаббат дастанының» жүргеніне 17 жыл болды», – дейді Азамат.

Енді бұл жұптың театр мен кино алаңында серіктес болуы екіталай.

«Назгүлге арнап бір сценарий туатын болса, сценарий дүниеге келетін болса, неге оны жеке түсірмеске? Бірақ, мен өзім партнер ретінде Назгүлмен ойнамаймын», – дейді Азамат.

Бүгінде Азамат жеке театрымен қатар, кинонарыққа білек сыбана кіріссе, Назгүл ханым отандық шоу-бизнестегі бірнеше музыкалық жобаларға жетекшілік етіп жүр.

«Назгүлдің өзінің жолы бар, өзінің сүрлеуі бар. Менің өзімнің жолым бар. Кейде бір-бірімізге қарама-қайшы, кері әсер беретін сияқты болып тұрамыз. Сондықтан да жеке дара өскеніміз, өнгеніміз дұрыс қой деп ойлаймын», – дейді Сатыбалды.

Жіберіп алмаңыз:

Жанар Дұғалованың не себепті көрінбей кеткені белгілі болды0

Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды

Бойдақпын мен: Әлішер Кәрімов үйленемін деп уәделескен қалыңдығымен айырылысып кетті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр