Жазда COVID-19 пандемиясының жаңа кезеңі басталуы мүмкін – Ғалымдар
АҚШ-та FLiRT тобына кіретін КР.2 штаммы таралып жатыр. Деректерге сай, екі апталық кезеңде бұл штамм COVID-19 жағдайларының 28,2%-ына тең болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Наурыз айының басында бұл көрсеткіш небәрі 3,8% еді. Ал кейінгі апталардағы ең көп таралған екінші штаммы КР.1 болды.
Бұған дейін ДДҰ Flirt нұсқалары Еуропаның 14 елінде және Израильде анықталғанын хабарлады. Дегенмен әзірге жаңа жағдайлардың саны аз тіркеліп жатыр.
Сонымен қатар Уорвик университетінің қызметкері Лоуренс Янг Ұлыбританияда flirt штамдары АҚШ-тағыдай жаңа коронавирус жағдайларының шамамен бірдей санын құрауы мүмкін екенін айтып, болжам жасады.
Мұндай жағдайлар Австралияда, Канадада, Үндістанда және Таиландта да кездеседі.
Алайда бірқатар ғалымдар әлемде коронавирусты жаппай жұқтырудың жаңа өсімі екіталай деп отыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады