Түркістанда 7 жасар баланың ішінен бір уыс құрт табылды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы 7 жасар тұрғынның бауыр тұсынан бір уыс құрт табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Облыстық клиникалық балалар ауруханасы
Балаға Облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі операция жасады. 13 мамыр күні бас дәрігер орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы отаны сәтті аяқтаған. Олар баланың бауыр тұсынан 15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шықты.
Араға бес күн салып балақай үйіне шығарылды. Қазір жағдайы жақсы. Мамандардың айтуынша, аталмыш ауру ит, мысық және төрт-түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"