"Әлем чемпионаты – 2026" ресми әнін кім орындайтыны белгілі болды

Шакира қайтадан футболдан әлем чемпионатының музыкалық символына айналмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Колумбиялық әнші Instagram парақшасында “Dai Dai” әніне түсірілген бейнеклиптің үзіндісін жариялады. Мәліметке сәйкес, бұл ән 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми гимні болуы мүмкін.
Бейнежазба аты аңызға айналған “Маракана” стадионында түсірілген. Кадрларда Шакира жарқын образда көрініп, қарқынды хореография орындайды. Мұндай би нөмірлері әншінің өзіндік стиліне айналған.
Әннің ресми релизі 14 мамырға жоспарланған. Әншінің киімі де көпшіліктің назарын аударды: клипте ол Колумбия құрамасының формасын еске салатын көк-сары түсті киіммен шыққан.
Айта кетейік, Шакира бұған дейін де әлем чемпионатының музыкалық символы болған. Оның “Waka Waka” әні 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионатының ресми гимні болып, кейін турнир тарихындағы ең танымал футбол әндерінің біріне айналды.
Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш елде – Канада, АҚШ және Мексикада өтеді.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?
Оқыңыз