Эминем мен Шакира Алматыда концерт бере ме: Әкімдік жауап берді

Алматы әкімдігі әлемдік жұлдыздар Эминем мен Шакира биыл Қазақстанда өнер көрсетеді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, қалалық қоғамдық кеңестің №5 комиссиясының отырысында "Спорттық нысандар дирекциясы" ЖШС-ның бас директоры Есет Байтасов әртістердің халықаралық гастрольдік туры аясында өтуі мүмкін концерттер туралы алдын ала ақпаратты жариялаған.
Оқыңыз"Аталған ақпарат тек таныстыру сипатында екенін және іс-шаралардың нақты өтетінін растамайтынын атап өтеміз. Қазір бұл мәселе пысықтау кезеңінде. Ресми келісімдер жасалған жоқ, сондай-ақ күндері мен өтетін орындары бекітілмеген", – делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік барлық келісім рәсімдері аяқталғаннан кейін ресми ақпарат қосымша ұсынылатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Эминем мен Шакира Қазақстанға келіп, концерт беретіні туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратты Алматы Қоғамдық кеңесінің №5 комиссия отырысында “Спорттық нысандар дирекциясы” ЖШС-ның бас директоры Есет Байтасов мәлімдеді.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.