AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде ең алғаш рет әйел адам АИТВ-ден жазылып шықты

Америкалық дәрігерлер АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған әйелді емдеп шығарды. Оны емдеу барысында дің жасушалары қолданылған. Бұл әлем бойынша тіркелген төртінші жағдай, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Ол әлемде осы вирустан жазылып шыққан алғашқы әйел адам болып тіркелді. 

Науқаста АИТВ инфекциясы 2013 жылы анықталған. Ал 2017 жылы оған аққан (лейкемия) диагнозы қойылған. Ол екі дертке қарсы бір уақытта ем қабылдады. Алайда бұл тәсіл қауіпті. Дәрігерлердің айтуынша, оны рактың соңғы сатысымен ауыратын науқастарға қолдануға болмайды. 
Әйелді емдеу үшін дәрігерлер вирусқа қарсы тұратын сирек кездесетін генетикалық мутацияға ұшыраған донор табу қажет болды. Сондай-ақ, дәрігерлер науқастың бағаналық жасушаларын ауыстыру және кіндік қанын құю арқылы оны емдеді. 



Әйел емдеу курсынан осыдан төрт жыл бұрын өткен. Обыр дерті ремиссия (ауру бетінің қайтуы) сатысына көшкен, ал АИТВ вирусынан ем қабылдау өткен қыста аяқталған. Содан бері оның ағзасында вирус белгілері байқалмады. Қайта тапсырылған анализдер де көбейетін вирус жасушаларын анықтаған жоқ. Бірнеше жылдан кейін оның анализдері таза болып шықса, дәрігерлер оны вирустан құлан таза айығып шыққан науқас деп есептейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр