Анасы жаңа туған сәбиін төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді: Бала аман қалды
Мәскеулік әйел жаңа туған ұлын төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Бұл туралы Мәскеу прокуратурасының ресми өкілі Людмила Нефедова "Лента.Ру" басылымына айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, 30 жастағы әйел үй жағдайында босанып, жаңа туған сәбиін пакетке салып, терезеден лақтырып жіберген. Сәби аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Анасы да медицина мекемесіне жатқызылды.
Мәскеу прокуратурасы аталған факті бойынша оқиғаның мән-жайын анықтауды бақылауға алды. Іс бойынша шешім күтілуде.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген