Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АИТВ вирусының аса жұқпалы штамы анықталды

Оксфорд университетінің ғалымдары Нидерланд елінде АИТВ вирусының аса жұқпалы штамының анықталғанын мәлімдеді. Жаңа штам өте жылдам таралады, ал клиникалық әсері жұқтырған соң 9 айдан кейін білінеді. "VB" деп аталатын вирус мутациясы кем дегенде 109 адамға жұққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

аитв

Ғалымдар жаңа штамның иммундық жүйені зақымдап, адамның қарапайым инфекциялармен күресу қабілетін өзге нұсқаларына қарағанда жылдам әлсірететінін айтады. Сәйкесінше бұл штамды жұқтырғандарда ЖИТС жылдам қалыптасуы мүмкін.

Зерттеу нәтижесі бойынша "VB" нұсқасының АИТВ-тың қазіргі штамынан 3,5-5,5 есеге көп екені анықталған. Бұл жаңа штамды жұқтырған адамдардың басқа адамдарға да тарата алатынын білдіреді. Алайда емделу барысында иммундық жүйенің қалыпқа келу жылдамдығы өзге нұсқаларды жұқтырған адамдармен бірдей болған. 


ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды


Ал тәуелсіз сарапшылар мұнда алаңдайтын ештеңе жоқ екенін мәлімдеген. Олар штамның 1980-жылдары пайда болып, 2010 жылдан бері бәсеңдей бастағанын айтты. Ал генетикалық зерттеулер "VB" нұсқасының Нидерландыда 1980-1990 жылдары пайда болғанын көрсеткен. 

Ғалымдар әзірге бұл штамның иммундық жүйе үшін қаншалықты қауіпті екенін білмейді. Әрі қарайғы зерттеулер вирустың дәрі көмегімен әсер етуге болатын жаңа бөліктерін ашуға мүмкіндік береді дейді. 

Айта кетейік, бұған дейін Аргентина тұрғынының АИТВ вирусынан дәрінің көмегінсіз айыққаны туралы хабарлаған едік. Бұл тарихтағы екінші жағдай ретінде тіркелген. 

Талқылау