AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдымен зорлап, сосын ойыншықтар әперіп, ойын бөлген": Ақмола облысының тұрғыны күйеуін қызын зорлады деп айыптайды

Ақмола облысының тұрғыны күйеуін төрт жасар қызын зорлады деп айыптайды. Бұл туралы анасына қызының өзі айтып берген. Кішкентай қыздың айтуынша, өгей әкесі анасы үйде болмаған кезде оны бірнеше рет қорлаған. Жасаған әрекетінің ақысы ретінде ол ойыншық сатып алып беріп отырған. Елді дүрліктірген оқиғаны қоғам белсенділері жариялады. Ал полицейлер әрекетсіздік танытуымен қоймай, анасын істі тоқтатуға үгіттеуде. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

скрин кыз

Жәбір көрген қыздың анасы Мәдина Бирюкованың айтуынша, қызы ер азаматтардан әбден қорқып қалған.

"Ол еркектерді көрсе болды, айқайлап қашып, жылай бастайды. Психологиялық тұрғыда бала үлкен соққы алған. Уақыт өте келе біз мұны түсіндік, ол өз ойын іске асырғаннан кейін балаға ойыншықтар сатып алып беріп, онымен бірге отырып сурет салып, ойынға айналдырған. Қыздың ойын басқа нәрсеге бұрғысы келген. Ал қызым мұның жақсы немесе жаман екенін жете түсінбеген", – дейді жәбірленушінің анасы Бирюкова.

Қазір әйел қызының бұған дейін өгей әкесінің үстінен шағымданғанын еске алады. Өгей әкесі қыздың киімін бүлдірген. Бірақ Мадинаға ол кезде педофилмен өмір сүріп келе жатырмын деген ой мүлдем келмеген. Енді әйелдің күйеуінің әрекетіне әбден көзі жетсе де, полицейлер қол қусырып отыр деп шағымданады қыздың анасы.

"Үш күн бұрын маған бір тергеуші қоңырау шалып, жазып отырған арызымыздан бас тартуды және оған ешқандай шара қолданылғанын қаламаймыз деп жазып беруді сұрады. Кішкентай қыздың айтқанынан айыпталушыны ешкім түрмеге отырғызбайды және оған ештеңе болмайды екен. Олар маған полиграфтың заңды күші жоқ екенін айтып, үгіттей бастады", – дейді Мәдина Бирюкова.



Сондай-ақ Мәдина тергеушілердің әрекетсіздігін, дөрекілігін, білімсіздігін де атап өтті. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаны әйелдің өзі ойлап тапқан деп болжайтын көрінеді. Сол себепті бұл іске белсенділердің араласуына тура келді. Олар қоғамның наразылығын туғызып, полицияны өз міндеттерін лайықты орындауға мәжбүр етеміз деп санайды.

"Әрине, олардың үміті әбден үзілген. Бұл – сұмдық жағдай. 4 жасар балаға өтірік айтып не керек? Мұндай қорқынышты фактілерді айту былай тұрсын, мұндай жаста олар бір шумақтың өзін әзер жаттайды. Бала полицейлердің біразына осы оқиғаны айна-қатесіз қайталап берген. Мұны кез келген психолог растайды. Полиция өте нашар әрекет етуде. Неліктен осы уақытқа дейін кешенді медициналық-психологиялық сараптама тағайындалмай жатыр?!" – дейді Немолчи.кз қоғамдық қоры.

Кейбір сынамалар арада 4 ай өткеннен кейін ғана жасалған. Сол себепті де қыздың терісі мен шырышты қабатында зорлау белгілері байқалмаған. Ал күдіктіні тергеу изоляторынан тез босатып жіберген. Айыпталушыны үйқамақта отыруға рұқсат берген.

"Жүргізілген сынақ нәтижелерінің қорытындысына сәйкес, күдікті ешқандай психикалық аурумен немесе психикасының уақытша бұзылуымен ауырмайды. Күдіктінің өтірік айтқаны анықталмады. Мұнымен қоса кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық бейімділік патологиясы деңгейіне жететін жыныстық құмарлықтың жеке ерекшеліктері анықталған жоқ", – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті тергеу бөлімінің аға тергеушісі Әсем Кочубаева.

Ал күдіктінің өзі әйелінің жиенін айыптайды. Мәдина бауырының бөлек тұратынын айтып, олардың мүлдем көріспейтінін алға тартады. Кішкентай Лили болса, шұғыл түрде мамандардың көмегіне мұқтаж, бірақ тіпті ақылы психологтар бұл іспен айналысудан бас тартып отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр