AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғыны әйелі перзентханаға түскенде өгей қызын зорлаған

Орал тұрғыны өгей қызын тұрақты түрде зорлап келген. Зорлаушы жұбайы перзентханаға түскен кезде, алғашқы рет қызға тиіскен. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

"Қыз бала бірнеше рет зорлыққа ұшырағанын хабарлады. Оның үстіне, сіңлісі оқиғаның еріксіз куәсі болған. 

Ол болған жайтты растады. Ал дәрігерлер тік ішектің жарақаттанғанын анықтады. Қор жетекшісінің айтуынша, полиция сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп, ер адамды тұтқынға алмаған. 

"Қазіргі уақытта ол мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауда отыр. Солай сәйкес келіп қалды. Оны 15 күнге тұтқындаған. Жақын күндері ол қайта шығып, үйіне оралады. Сонда не болмақ?" – деп ашынды құқық қорғаушы. 



Дина Таңсәрі қаскөйдің қыздың анасын өлтіре ме деп қорқады. Себебі жасөспірімді бірнеше рет зорлағаны үшін ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал қыздың анасын өлтірген жағдайда, 8 жылдан 15 жылға дейін сотталады. 

"Қылмыскер нені таңдайды? Зонаға педофил әлде кісі өлтіруші болып түсуді? Қызға не істе дейсіздер? Оның балаларға не істеуі мүмкін екенін ойлаудың өзіне қорқамын. Оның үстіне, куәгер бала бар! Оралда мұндай жағдай жиі кездеседі. Педофилдер бостандықта, қыз зорлайтындарды қамамайды, ал құрбан болғандар қорқынышпен өмір сүреді. 

Соңғы даулы кейстерді еске түсірудің өзі жеткілікті. Орал полициясы солай жұмыс істейді. Әдістері сондай. Неге екені белгісіз, қылмыскерлерге келгенде жұмсақ", – дейді Дина Таңсәрі.

Оның сөзінше, анасы қызының айтқан әңгімесін видеоға түсіріп алған. Кадрды "жыламай көру мүмкін емес". 

Ал полиция департаментіндегілер аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. 

"Бірқатар сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде. Сараптама нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады мекеме.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр