AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзендегі көлік жуу орталығындағы жағдай: Зардап шеккен келіншек аяғынан айырылды

Жаңаөзенде көлікке қысылған келіншек аяғынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер 31 жастағы келіншектің оң аяғын кесіп тастауға мәжбүр болдық дейді.

Оқыс оқиға Жаңөазендегі көлік жуу орталығында болған. Көшеде жүйткіп бара жатқан Kia Rio жүргізушісі газ бен тежегішті шатастырып, Toyota-ға соғылған. Содан кейін осы екпінмен көлік жуатын орталықта тұрған тағы бір машинаны жаншып тастапты.

Сол сәтте көлік жуып жатқан 31 жастағы әйел қос көліктің ортасында қысылып қалған.  Екі аяғының да сүйегі жаншылып кетіпті. Жаңаөзен ауруханасында дереу ота жасалып, оң аяғы кесілді. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр дейді дәрігерлер.

“Оң аяғының жарақаты хирургиялық өңдеуден өтті. Шолақ, ортаңғы үштен бірінен тұқыл жасалды. Екінші аяғына, сан сүйегі сол жақ сан сүйегіне сыртқы бекіту дейтін сыртынан қозғалмай ұстап тұратын аппарат салынды. Қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр.  Алдағы уақытта жағдайы бірқалыпқа түскеннен кейін екінші аяғына, сол жақ сан сүйегіне ота жасалынады”, – дейді Жаңаөзен ауруханасы сынық-жарақат бөлімінің дәрігері Бақытжан Жетібаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр