Актриса Жанель Мақажан хиджабын шешті

Танымал актриса әрі блогер Жанель Мақажан хиджабын шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі өміріндегі өзгерісті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Актриса жариялаған видеода оның орамалсыз жүргенін көруге болады.
Жанель Мақажан қазір той жүргізу және ұзату саласына белсенді кірісіп жатқанын жазған.
“Біз сіздердің қуанышты сәттеріңізді абыроймен, қызықты әрі әсерлі етіп өткізуге дайынбыз. Тойларыңыз болса, хабарласыңыздар”, – деді ол.
Айта кетейік, актриса жазбасының пікір қалдыру бөлімін жауып қойған.
Еске салайық, бұған дейін блогер Aeka Posh неге хиджабын шешкенін түсіндіргені хабарланған еді.
Блогердің айтуынша, ол хиджаб кию туралы шешімді тез қабылдаған. Бірнеше күн ойланып, оранған. Осылайша үш жарым жыл хиджабта жүрген. Ол үшін алғашқы бір-екі жыл қалыпты өткен. Бірақ кейінгі жылы хиджабпен жүру оған ауырлай бастаған. Блогер сұлулық саласына жақын екенін, өзінің сұлулық салоны барын және әйел ретінде шашын сәндеп, еркін киінгісі келгенін жасырмады.
"Үйде орамалымды шешіп, “шашым қандай әдемі, мен де шашымды сәндегім келеді” деп ойлайтынмын. Көшеде әдемі киінген, шашын сәндеген қыздарды көргенде мен де солай жүргім келетін. Біз бәрібір әйелміз ғой. Маған өте ауыр болды", – деді ол.
Аека Пош хиджабты шешер алдында бірнеше рет ойланғанын айтты. Оны бір жағынан Құдайдан қорқу, екінші жағынан қоғамның қысымы тоқтатқан.
"Мен хиджабты шешсем бе, шешпесем бе деп он шақты рет ойландым. Бірінші – Құдайдан қорықтым, екінші – қоғамның қысымы болды. Маған хиджабқа қатысты өте көп хейт келді. Көбі негізсіз болды", – деді блогер.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Оқыңыз