Соттың шешімінен кейін әйел өзін бұрын зорлаған азаматқа алимент төлеуге міндеттелді
АҚШ-тың Луизиана штатындағы 32 жастағы әйел қылмыс салдарынан ортақ қыздарын қамқорлыққа алғаннан кейін өзін бұрын зорлаған азаматқа алимент төлеуге міндеттелді. Бұл жөнінде WBRZ жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Криста Абельсеттің айтуынша, 2005 жылы 16 жасында оны 30 жастағы Джон Барнс зорлаған. Ол Индиана штатының Хаммонд қаласындағы барлардың бірінде танысқаннан кейін қызды үйіне жеткізіп салуды ұсынған.
"Мені үйге әкелудің орнына ол мені өз үйіне алып кетті. Содан кейін ішке кіруді ұсынып, қонақжайдағы дивандардың бірінде зорлады", – дейді Абельсет.
Сол түннен кейін жасөспірім қыз жүкті болып, қыз баланы дүниеге алып келеді. Бес жылдан кейін Барнс өзінің баласы бар екенін біліп, әке болуды растайтын ДНҚ тестін өткізеді. Ер адам одан туған қызды толық қамқорлыққа алуға тырысады, бірақ содан кейін сот қамқоршылықты ата-аналар арасында бөлуге шешім шығарады.
2015 жылы Абельсет Барнсқа қарсы зорлық жасады деп айып тағады. Әйелдің айтуынша, содан бері бұл іс қозғалмаған, дегенмен полиция тергеу жалғасып жатыр дейді. Сонымен бірге, Абельсет оның ісі әлі тергеушіге берілмегенін айтады.
- Әйел өгей әкесіне тұрмысқа шығып, кейін пышақтап өлтірген
- Әйелдің ит деп асырап жүрген үй жануары қауіпті, сирек кездесетін аю болып шыққан
- Үйде босануды жөн көрген әйел сәбиінен айырылды
Әйел Барнстың оны бірнеше рет қорқытқанын және оның сот органдарында байланысы бар екенін айтқан. Журналистер оның Луизиана штатындағы Пончатуладағы Gumbeaux Digital Branding веб-компаниясына иелік ететінін білді, оның клиенттері арасында қалалық полиция да бар.
Сонымен қатар 2022 жылы Барнс анасының қызына ұялы телефонды рұқсатынсыз бергенін білгеннен кейін толық қамқорлыққа қол жеткізді. Енді жасөспірім әкесінің қамқорлығына берілді. Сонымен қатар сот Абельсетке өзін бұрын зорлаған азаматқа алимент төлеуді бұйырды.
Шешім шығарған судья істің егжей-тегжейін жариялауға құқығы жоқ екенін айтып, түсініктеме беруден бас тартады. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар мен журналистер әйелге Барнсқа қарсы күресте көмектесуге бар күш-жігерін салып жатыр.