AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел өгей әкесіне тұрмысқа шығып, кейін пышақтап өлтірген

АҚШ-та әйел өзінің өгей әкесіне тұрмысқа шығып, екі баланы дүниеге алып келген. Алайда кейін күйеуін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі True Crime сайтына сілтеме жасап. 

әйел

65 жастағы Майкл Редликтің мәйіті 2019 жылы 12 қаңтарда Флорида штатындағы Орландо қаласынан табылған. Оқиға орнына полицейлер марқұмның әйелі Даниэланың шақыруымен келген. Құтқару қызметіне ол күйеуінің жүрек талмасынан қайтыс болғанын айтқан. 

Дегенмен ер адамның жүрек тұсында пышақ жарақаты табылған. Әрі қанмен былғанған жейдесі сүлгілердің арасынан табылған. Бұған қарамастан, Даниэла күйеуінің өзін қылқындырмақ болғанын, алайда өзін жарақаттап алғанын айтқан.

Үйге келген тергеушілер мәйіттің жанынан сүртілген қан іздерін көрген. Сонымен қатар үйден хлордың иісі шығып тұрған. Сараптама нәтижесінде ер адамның инфаркттан емес, пышақ жарақатынан мерт болғанын анықтаған. 

Әйел бастапқыда күйеуінің өлгеніне сенбей, оятпақ болғанын айтқан. Өз оқиғасына ешкім сенбейді деп ойлағандықтан, жедел жәрдемді кеш шақырғанын алға тартқан.

Майкл бастапқыда Даниэланың анасына үйленген, алайда ол қайтыс болған соң өгей қызы Даниэламен көңіл қосқан. Екеуі отбасын құрып, Даниэла екі баланы дүниеге алып келген. Куәгерлер жұптың қарым-қатынасы нашарлап кеткенін, ал марқұмның досы Майклдың әйелін есінен алжасқан деп айтқанын мәлімдеген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр