Қонаевта шетелдік әйел полиция қызметкерлерін топ болып зорлады деп айыптады
28 жастағы шетелдік әйел Қонаевта жергілікті полиция қызметкерлері өзін топ болып зорлағанын айтты. Полиция күдіктілердің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленушінің айтуынша, полиция бөлімінде оны арызды полиция қызметкерлерінің айтқанымен жазуға мәжбүрлеген. Кейін полицейлердің пәтерді аңдып жүріп, заттай дәлелдерді алу үшін терезедегі торды шешкенін айтты. Жазбадағы видеода жәбірленуші заттай дәлелдердің арасында сперма жағылған іш киімі барын көрсетті.
Қазір әйел қорыққандықтан ол үйден шыға алмай отырғаны туралы айтқан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, оған медициналық көмек қажет. Сондай-ақ жазбада жәбірленушінің үйіне жедел жәрдем және патрульдік полиция көлігі бірнеше рет келгені көрсетілген.
Алматы облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
“Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әйелдің арызына сәйкес, оқиға Қонаев қаласында болған. Алғашқы тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаға қатысты барлық уәждер мен мән-жайлар мұқият тексеріліп, оларға тиісті құқықтық баға беріледі”, – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ ведомство қазір қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын және тергеудің Алматы облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасына тапсырылғанын атап өтті.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
