Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы қылмыстық істерден кейін қалаға жаңа әкім тағайындалды

әкім Атырау
Фото: Атырау әкімдігі

Облыс әкімінің тапсырмасымен Атырау қаласының әкімі лауазымына Данияр Таханов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оны Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Президент әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісіп тағайындады.

Жаңа әкім туралы не белгілі?

Таханов Данир Болатыұлы 1985 жылы Атырауда дүниеге келген. "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Бейжіңдегі Қытай мұнай университетін бітірген.

 

  • 2009 жыл — еңбек жолын "ҚазҚұрылысСервис" АҚ-да бастады;
  • 2012 жыл — Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалында инженер болып жұмыс істеді;
  • 2012–2017 жылдар — "Орал" ӘКК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары және Atyrau Innovations ЖШС директоры қызметтерін атқарды;
  • 2017–2022 жылдар — "Атырау" ӘКК" АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары және басқарма төрағасы қызметтерінде болды;
  • 2022 жылдың мамыр айынан бастап — "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.

Еске сала кетсек, Шәкір Кейкін 14 қыркүйекте Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті. Оның кету себебі ресми түрде жарияланбады. Ол қаланы 2023 жылдың шілдесінен бастап басқарды. Орнын босатуға орынбасарларға қатысты қылмыстық істер себеп болған. Шілде айында ҰҚК қызметкерлері әкімнің орынбасары Тілек Махуовты ұстады. Ол 100 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Тағы бір орынбасары Мейіржан Мұқасовтан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша жауап алынып, кейін босатылды. Бұрынғы әкімнің өзін де жауап алуға шақырды, бірақ оған ешқандай айып тағылмады.

Stan.kz
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек, 2026 12:34