Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында үшем дүниеге келді

Ақмола облысында үш жылдан бері алғаш рет үшем дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Зеренді ауданында Гранитный ауылының тұрғыны Мақпал Жүнісова бір ұл, екі қызды дүниеге әкелген. Келіншек 3 шілде күні Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталды орталығында босанған.

Ер баланың салмағы 2 кг 377 грамм, бойы 46 см, екінші қыз баланың салмағы 2 кг 43 грамм, бойы 44 см, үшінші қыздың салмағы 2 кг 221 грамм, бойы 44 см болып туды.


"Үш айдаһардың анасы": 24 жастағы алматылық келіншек үшем қызын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты


Дәрігерлердің қазіргі кезде ана мен сәбилердің жағдайы жақсы екенін айтты. 

"Қазіргі кезде нәрестелердің жағдайы бірқалыпты, анасымен бірге арнайы бөлмеде тынығып жатыр. Медициналық персонал жаңа туған нәрестелерді күтіп бағуға және емізуге көмектеседі. Ота штаттық режимде сәтті өтті, 41 минутқа созылған операция барысында ешқандай ауытқу болған жоқ", — деді Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Ангелина Корнилова.

Еске салсақ, осыған дейін 26 жастағы шымкенттік келіншек үшем дүниеге әкелген.

 

 

Талқылау