Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

​​​​​​​26 жастағы шымкенттік келіншек үшемді дүниеге әкелді

Шымкентте 1998 жылғы келіншек бес баланың анасы атанды. Айгүл Бақытжанқызы 15 сәуірде үшемді дүниеге әкелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олардың бірінің салмағы – 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі – 1610 грамм. Алдымен жансақтау бөліміне жатқызылған балалар дәрігерлердің ем-домынан кейін палатаға ауыстырылды.

Үшем ұлдар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында  дүниеге келді. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері  салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды. Бір сәтте көпбалалы ана атанған Айгүлдің үйінде тағы екі перзенті күтіп отыр. Сөзінше келіншек жүктілікті жоспарламаған. Ол үш баланы дүниеге әкелетінін естігенде таңғалған.

Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берді. 

Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913  сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.

Бұған дейін Stan.kz тілшісі үш қызды дүниеге әкелген алматылық Ғалия Берекешевамен тілдесіп, үшемнің анасы болудың қызықтары мен қиындықтары туралы сұрап, білген еді.

Талқылау