"Әкесі екеуіміз жылап, жүрегіміз қақ айырылды": Ерке Есмахан жаңа туған сәбиіне дұшпандарының тиісіп жатқанын айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан желіде “Еркенің сәбиі шетінеп кетті” деген ақпараттың тарап жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Қараша айында Ерке мен Райм ұлды болған еді.
“Оразаның соңғы күндері менен жағдай сұрап, хабарласқан адам қалмады. Қасиетті айда қасиетінен айырылған малғұнның кесірінен. Мен негізі негативке күліп жауап беремін, артынан бақыт тілеп жіберемін. Бірақ бұл жолы маған емес, Раймға емес, кішкентай балаға тиісті. Жаман ұлт болмайды, жаман адам болмайды. Сол үшін “әр қазақ – менің жалғызым” деген сөзді айтқым келмейді. Өзім – қазақпын. Қазақ деген – тәуір ұлт. Бірақ араларында осындай хайуаннан бетер адамдар жетерлік”, – деп ашуланды әнші.
- "Қылыш, қамшы, пышақ": Ерке Есмахан Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі сыйлаған сыйлықты көрсетті
- "Бір ғана өтінішім болды": Ерке Есмахан Тоқаевтың Раимға берген сыйлығын көрсетті
Сондай-ақ өнер иесі әлеуметтік желіге тарап кеткен жалған ақпаратты жоққа шығарып, сенбеуге шақырды.
“ТikTok парақшамыз жоқ болғасын, жалған ақпаратты кеш естіп қалдық. Оны біреу қолымен жазып, таратқаны белгілі. Әкесі екеуіміз жылап, жүрегіміз қақ айырылды. Әкесі табамын деп кірісіп еді, парақшасын өшіріп үлгерді. Бірақ істі аяқсыз қалдырмаймыз. Адамдар, өтініш, сіздерге! Істеген істеріңізге абай болыңыздаршы! Қазақ деген керім халық деп айтамыз, атымызға затымыз сай болсын!”, – деп жазды өнер иесі.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Еске салайық, Ерке Есмахан су басқан өңірлерге көмек беруге қатысты пікір білдірді.