Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жолдасым қарсы болып отыр": Ерке Есмахан су басқан өңірлерге көмек беруге қатысты пікір білдірді

Танымал әнші Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға берілетін көмекке қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнерлі жұп Ерке мен Райм Стамбұл қаласына демалысқа аттанған еді.

“Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз. Чек көрсетіп, жариялап айтуға жолдасым қарсы. Жанұя болғалы жасаған қаншама үлкен-кіші қайырымды істерімізді айтқызбады. Әрі қарай да жазбайсың деген шарт қойды. Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны деген ұстанымда”, – деп жазды әнші. 



Өнер иесінің айтуынша, халықты сендіру үшін бәрін ашып жазуға дайын екен. Өйткені тыңдарман қауым қол қусырып отыр деген әңгіме таратып жатқан көрінеді. 

“Менің жазғым-ақ келеді. Себебі сіздер қол қусырып қарап отыр деп ойламасын дегендей.  Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін! Біз де дәл сіздердей халықпыз. Мүмкін келесі жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын-ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын!”, – деп үмітін үзбеді әнші. 

Бүгінде өнер иесінің туған жері Ақтөбеде өзенге ағатын арнада мұздық еріп орталық көшені су басқанын жазған едік.

Еске салайық, мемлекет су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға үйлерін қалпына келтіру үшін 22 миллион теңгеден бөлінетін болды. Сонымен қатар Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. 

Талқылау
Пікір
Надя
02 Сәу, 24 жыл - 23:56