Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы тұрғындардың тікұшақпен құтқарылған видеосы тарады (видео)

Ақтөбе облысындағы Ойыл ауылының тұрғындары су тасқынынан аман қалу үшін үйлерінің төбесіне мінуге мәжбүр болды. Тікұшақтар арқылы адамдарды қалай құтқарып жатқанының видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары жеті адамды аман алып қалды.



“Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақ экипажы құтқарушылармен бірге екі жерден шұғыл көмекке мұқтаж адамдарды тапты. Зардап шеккендер түсіру құрылғысының көмегімен тікұшақ бортына көтеріліп, қауіпсіз жерге көшірілді”, – деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы су тасқынында қалған ауыл тұрғындарына барған тікұшақ жерге қона алмаған еді.

Талқылау