Су тасқынын алдын алуға бөлінген 7 миллиард теңге қайда жұмсалды – Төтенше жағдайлар министрлігі жауап берді
Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов су тасқынының алдын алуға бюджеттен бөлінген 7 миллиард теңгенің қайда жұмсалғанына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Фото: pixabay.com
Үкімет отырысынан кейінгі брифингте министрдің орынбасары журналистердің сауалына жауап беріп, 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Түсіндіре кетейін. Іс жүзінде 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген жоқ. Тек қарастырылған. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген. Бүгінгі таңда әкімдіктердің мәліметінше, 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қаржының барлығы қазір көріп отырғаныңыздай, су тасқынының алдын алуға және онымен күресуге бағытталуда", – деді Сыздықов.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда тасқыннан зардап шеккендердің шығыны қалай өтелетнін хабарлаған едік.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда