Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаев 25 жыл отасқан жарымен неге ажырасқанын айтты

Ақан Сатаев алғаш рет жұбайы Назира Бақаевамен не себепті ажырасқанын айтты. Танымал режиссер балаларының ажырасуға көзқарасы, қазіргі махаббаты жайлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақан Сатаев пен Назира Бақаева 1992 жылы "Аллажар" фильмінің түсірілімінде танысқан. Бір-бірін ұнатып, біраз уақыт қыз-жігіт болып кездескен екеуі отау құруға бел буған. Бүгінде ортақ некеден туған 5 бала бар. Алайда 25 жылдық неке мен балалары ажырасуға еш кедергі болмады. Сатаевтың айтуынша, бұл – екі жақтың келісімімен болған шешім. 

"Ажырасуда ешқандай жақсылық жоқ. Бірақ өмір қиын дүние болып шықты. Кейде ажырасудан басқа жол болмайды. Солай болып қалды. 
Бірақ Назира екеуміз бұл мәселеге ересектер сияқты қарадық. Ұрыс-керіс, жанжал деген болған жоқ. Сөйлестік, барлығын таразыға салдық. 

Мұны балаларымызбен де ақылдастық. Екеуміз айырылысқаннан, Назира –  ана, мен әке болудан қалған жоқпын ғой. Оны ойласып, ақылдастық. Қазір сол келісімнің аясында өмір сүріп келеміз", - деді Сатаев.



Сатаев жұбайымен ажырасқан соң Instagram-да пост жариялады. Режиссер мұны қауесеттің алдын алу үшін жасағанын айтады. Сөзіне қарағанда, жол соңында жұбайы екеуі бір-біріне бақыт тілеген. “Ал енді бақытыңызды таптыңыз ба?” деген сауалға Сатаев: 

"Айту қиын, бірақ қазір бізге қолайлы. Махаббат бар деуге болады", –  деді. 

Киногердің айтуынша, екеуінің ажырасуының себебі қандай да бір сыртқы факторларға байланысты емес. 

"Барлығы Назира екеуміздің қарым-қатынасымызға байланысты", - деді ол. 

Ата-анасының екіге кеткеніне балалар да түсіністікпен қараған. 

Талқылау