Нұртас Адамбай жұбайымен бірге қажылыққа аттанды
Нұртас Адамбай мұсылманның бір парызын орындады. Ол өмірлік серігімен бірге қажылыққа аттанды. Жақында намазға жығылып, дінге бет бұрған актер жұбайының сәждеге тұруына себепші болғанын қуана жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бақыт деген - сүйікті жарыңмен Мединаға келіп, оның алғашқы намазына себеп әрі сол сәттің куәсі болу. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мешітінде бірге намаз оқу.
Алла елшісі мен оның үзеңгілестеріне сәлем беру және алдағы Меккее болатын умра қажылығынан дәме ету. Субханаллаh!
Жаратқан барлығын естиді! Барлық армандар орындалады. Армандаудан қорықпаңыздар, сұраудан ерінбеңіздер және күдіктенбедіңіздер. Аллах мейірімді және рақымды. Аллаhу Акбар!" - деп жазба қалдырды кинопродюсер желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары актердің жанұясы үшін қуанды.
"Барлығымызға осындай бақытты нәсіп етсін", "МашАлла", "Алла ниеттеріңізді қабыл етсін", "Қандай ғажап", "Бақытты болыңыздар", "Керемет көрініс", - деп жазды оқырмандар.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған