Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адам шағым түсіру арқылы жылына мыңдаған доллар табады

Айлакер британдық азамат негізгі табыс көзіне қосымша ақша табудың оңай жолын тауып алған. Ол барлық жерде өзіне ұнамаған нәрселерге шағымданып, сол үшін өтемақы алады. Түсірген шағымдардың арқасында ол мыңдаған доллар пайда көрген.

39-жастағы британдық азамат шағым түсіру арқылы жылына мыңдаған доллар табады

Бұл туралы bigpicture.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бакингемшир графтығының 39-жастағы тұрғыны Крис Оуэн жылына шамамен  1 300 долларға жуық ақша табады. Ол тіпті, нашар қызмет көрсетті немесе азық-түлік дұрыс емес деп мейрамхананың үстінен шағым түсіріп, өтемақы алады. Крис ақша табудың бұл әдісін үш жыл бұрын бастаған. Сол кезде мәрмәр үстелін жеткізушілердің үстінен шағым түсіріп, ол үшін 900 долларға жуық ақша алған. Оған үш рет зақымдалған мүлік жеткізген, ал төртіншісінде үстелдің үстіңгі жағы мүлде болмаған.

39-жастағы британдық азамат шағым түсіру арқылы жылына мыңдаған доллар табады

«Мен төрт апта бойы үстелдің жеткізілуін күттім. Тасымалдау кезінде олар оны үнемі қолдарынан  түсіріп алады. Мен шағымдануға құқығым бар екенін білдім», -дейді Крис Оуэн.

Крис түсірген шағымына жауап ретінде, компания келтірген қолайсыздықтар үшін 270 доллар мөлшерінде  өтемақы алды, ал ол үстел бағасының үштен бір бөлігі.

«Мен шағымдану үшін мақсат іздемеймін. Бірақ егер бір нәрсенің дұрыс емес екенін көріп тұрсам, онда  өтемақы алу үшін бәрін жасаймын»,- дейді британдық азамат.

Енді Крис жылына шамамен 1300 доллар алады. Оның «табысының» мөлшері шағымға қанша уақыт жұмсалғанына және компанияның қаншалықты жомарт екеніне байланысты өзгереді. Мысалы, 2015 жылы Крис тегін тамақтану мен ваучерлер түрінде 860 АҚШ доллары болатын өтемақы алды. Келесі жылы оның табысы екі есеге артқан. Кристің негізгі табысы нашар тағамдардан және қызмет көрсетуден тұрады. Мысалы, ол үнемі майонезге шағымданып, сол үшін қандай да бір жеңілдік немесе өтемақы алады.

39-жастағы британдық азамат шағым түсіру арқылы жылына мыңдаған доллар табады

«Мен майонезді жек көремін. Сондықтан үнемі сэндвичтерге немесе гамбургерлерге майонез қоспауларын сұраймын. Бірақ даяшылар әрдайым шатасады. Демек, оны асүйге жіберіп, жаңасын әзірлеуді күту керек. Сондықтан, шотты төлеуге уақыт келгенде, ыңғайсыздық пен күтудің арқасында жеңілдік сұрауға немесе ол тағамды есептен сызып тастауға болады»,- дейді британдық.

Бір күні танымал пиццерия желісі Крис пен оның үш досын мейрамханада тегін кешкі ас ішуге шақырды. Себебі, олар бұл мейрамханаға алғаш келгендерінде бір құман суды бір жарым сағат күткен екен. Соның өтемі ретінде мейрамхана башылығы оларға тегін кешкі ас ұсынған.

«Біз 30 доллардың өзін әрең жұмсайтын жерде 270 долларға тамақтандық»,- дейді Крис.

39-жастағы британдық азамат шағым түсіру арқылы жылына мыңдаған доллар табады

Оқи отырыңыз:

Робот ауруханаға түскен науқас қыздың орнына мектеп бітіріп шықты (видео)

Лотерея билетіне екі туған күнін де белгілеген азамат 1,9 миллион АҚШ долларын ұтып алды

Депутат өзіне сөз қайтарған жасөспірімді ұрып жіберді

Флорида қаласының тұрғыны шылым шегу кезінде электронды темекінің жарылысынан көз жұмды

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр