Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2023 жылы Қадір түні қашан болады

Мың айдан да қайырлы қасиетті Қадір түні 2023 жылы қай кезде болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті. 

Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт – 21 сәуір. 


2023 жылы Құрбан айт мерекесі қай күні тойланады

Қадыр түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

Атап өтерлік жайт, мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Талқылау