15 жылға дейін сотталуы мүмкін: Шу қаласында полицияға шабуыл жасаған азаматтар ұсталды
Бұған дейін бір топ азаматтың полицияға шабуыл жасағанын көруге болатын видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен еді. Осы іс бойынша полиция өкілдеріне "күш қолданды" деген күдікпен Шу қаласының тұрғындары ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

7 мамырға қараған түні патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласының вокзал маңы алаңының жанында алдыңғы мемлекеттік нөмірлік белгісі жоқ "ВАЗ-21014" маркалы автокөлігін тоқтатқаны анықталды.
Мән-жайларды анықтау барысында автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен. Қарсылықтың соңы үлкен төбелеске ұласқан.
- Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты (видео)
- "Тапанша кезенді": Такси жүргізушісі Талдықорған мен Алматыда жанармай құю орындарын тонап кеткен (видео)
Аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады