Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында бір топ адам полицияға шабуыл жасады (видео)

Жамбыл облысы Шу ауданының полиция қызметкерлеріне бір топ ер адам шабуыл жасаған. Желіде тараған бейнежазбада бірнеше адамның полиция қызметкерін сүйреп бара жатқаны көрінген сонымен қатар мылтық дауыстары да естілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"2022 жылдың 7 мамырына қараған түні Шу ауданының полиция бөліміне бір топ адамның полиция қызметкерлеріне күш қолданғаны туралы хабарлама келіп түсті", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Анықталғандай патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласындағы теміржол вокзалының маңында мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ-21014 автокөлігін тоқтатқан. Мән-жайды білу кезінде көлік жүргізушісі мен жолаушылары заңды талаптарға бағынбай, өзге де таныс тұлғалармен бірге құзырлы органдарға қарсылық танытқан.



Аталған факті бойынша Шу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі "Билік өкіліне күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Заңсыз әрекеттерге қатысушылардың барлығы анықталып, оларды жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Билік өкілдеріне күш көрсеткен белсенді тұлғалар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131 баптары бойынша қамауға алынды. 

Полиция сотқа дейін басқа деректердің тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін ескертті.

Талқылау