Алматы облысындағы істен шыққан автобустар аукционда 50,5 мың теңгеге сатылып жатыр
Ескіріп, істен шыққан автобустар Қайназар ауылындағы арнайы алаңда тұр. Биыл қыркүйекте олардың бір бөлігі e-Qazyna порталында аукционға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аукцион бағаны төмендету әдісімен өткізілді. Сатылымға 2017-2018 жылдары шығарылған ЛиАЗ автобустары қойылды. Лоттардың сипаттамасында барлық автобустың істен шыққан, ал баланстық құны нөлге тең екені көрсетілген.
Сегіз автобустың бастапқы бағасы шамамен 4,7 миллион теңге, ал бағалау құны 1,6 миллион теңгеге жуық болған. Алайда олар 388,5 мың теңгеге, яғни бастапқы бағасының 10%-на да жетпейтін сомаға сатылды.
Ең төмен бағаға ЛиАЗ-529265 автобусы сатылған. Бастапқы бағасы 765,7 мың теңге, бағалау құны 255,2 мың теңге болған көлік небәрі 50,5 мың теңгеге өткен. Қалған автобустардың әрқайсысы шамамен 35-51 мың теңгеден сатылған.
Қазір e-Qazyna порталындағы электронды аукционға кезінде Алматы көшелерінде қатынаған ПАЗ автобустары мен "Газель" көліктері де қойылған.
Бұған дейін Алматыдағы ескі автобустар мен троллейбустар аукционда темір-терсек ретінде сатылып жатқаны туралы жазған едік. Лоттың бастапқы бағасы – 37,6 миллион теңге. Көліктерді пайдалануға жарамсыз болғандықтан, оларды темірге өткізіп жатыр. Бұл автобустар мен троллейбустар 2008 жылы сатып алынған.
Алматы тауларында орналасқан қонақүйдегі қоқыс пен нәжіс демалушылардың жағасын ұстатты
