Тоқаев Израиль президентін Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге шақырды
Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.
Президент Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай серпін бергенін атап өтті. Израиль президенті де Қазақстанға сапарын ризашылықпен еске алды.
“Қазақстанның көптеген салада алға басуы екіжақты ықпалдастықты ілгерілетуге жол ашады. Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуы – бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес”, – деді Ицхак Герцог.
Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
“Шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажет”, – деді Тоқаев.
Осы тұста Қазақстанның аталған қағидатты берік ұстанатынын жеткізді.
Еске салайық, Израиль мен Ливан атысты тоқтату туралы келісімге келді. Құжатта екі ел өкілдерінің үшжақты кездесуі 2 және 3 маусым күндері өткені айтылды. Сондай-ақ мәлімдемеде атысты тоқтату шарты ретінде “Хезболла” ұйымының толық түрде атысты тоқтатуы және оңтүстік Ливан аумағынан барлық қарулы мүшелерін шығару талап етілетіні көрсетілген.
Алайда артынша Иран атысты тоқтату режимі орнағаннан кейін Израильге шабуыл жасағаны белгілі болды. Иран Израильдің солтүстігіне бірнеше рет зымырандар ұшырған. Израиль қорғаныс армиясы Ираннан атылған барлық зымыранды ұшу кезінде жойғанын мәлімдеген еді.
Алматы тауларында орналасқан қонақүйдегі қоқыс пен нәжіс демалушылардың жағасын ұстатты
